Бүгін Арқалық қаласына қарасты Аңғар және Көктау ауылдарының арасындағы жолда құтқарушылар қар құрсауында қалған жолаушыларға көмекке келді.
Автокөліктен 2 адам құтқарылып, Арқалық қаласына жеткізілді.
Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Құтқарушылар жүргізушілерге ауа райы жағдайларын ескеруді ескертеді.