Арқалық қаласының кітапханашылары төл мерекелерін атап өтті

Арқалық қаласының кітапханашылары төл мерекелерін атап өтті

Кітапхана ісінде қала және ауыл кітапханаларында үздік еңбегімен көрініп жүрген кітапханашыларға «Құрмет грамоталары» салтанатты түрде табыс етілді.Елімізде тойланып отырған бұл мереке осы мамандық иелеріне деген сый-құрметтің айқын көрінісі болса керек. Мерекелік іс-шарада кітапханашылар арнау өлеңдерін оқып, ән-жырдан да шашу шашты. Қалалық домбырашылардың жаппай күй тартысына қатысқан кітапханашылар күмбірлетіп күй төкті. Сондай-ақ, мереке иелері әзірлеген «Кітаптар сөйлейді» қойылымы, хор орындаушылары да көрермендерді өзіндік ерекшеліктерімен тәнті етті.

 

«Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады. Бүгінгі заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, сонымен қатар кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы. Кітапханашы әріптестерімізге кәсіби шеберлік пен парасаттылық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз», – дейді кітапхана басшысы Дәмет Есенжолқызы.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген автор
Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу