Арқалық қалалық білім бөлімінің басшысы жатақханаға  уақытша орналастырылған тұрғындардың балаларымен кездесті

Арқалық қалалық білім бөлімінің басшысы жатақханаға  уақытша орналастырылған тұрғындардың балаларымен кездесті

Елімізде орын алған су басу апаты Арқалық өңір үшін де сынақ болды. Су тасқынынан зардап шеккен «Қызылжұлдыз», «Екідің» ауылының тұрғындары қауіпсіз жерлерге дер кезінде  көшірілді.

Табиғи апат орын алған ауылдардағы балалардың білім алуын жалғастыру ең басты мәселе.

Осы балалармен кездесуде  білім бөлімінің басшысы Есламбек Мәметеков  оқу процесі 4- тоқсанда  еш кедергісіз жалғасын табатынын түсіндірді.

 

 

 «Бала өмірі –  бәрінен маңызды. Балалардың білім алуына барлық жағдай жасалынғанын басшы ретінде өзім қадағаладым. Мектеп қабырғасында оқитын балалардың барлығы жүз пайыз оқулықпен қамтылды. Қалам-дәптерлері тағы да басқа оқу құралдары алынып берілді. Балаларды қаламыздан құрылған «Жүрек жылуы» қорынан киіндірдік. Оның сыртында қазір Қостанайдың кен басқармасынан (КБРУ) азаматтар келіп, 5 миллион теңгеге 83 балаға киім-кешек алып беруде. Балалар тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Барлығы 32 адам мектеп мұғалімдері мен жұмысшылары жұмысқа орналастырылды», – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Есламбек Жеңісұлы.

Бүгінде зардап шеккен ауыл тұрғындарының балаларына оқу құралдары, сабақ киімдері сатып алып беріліп, толығымен оқулықтармен қамтамасыз етілген. Балаларды жатақханадан мектепке дейін тасымалдайтын автобус ұйымдастырылған.

Қаладағы  М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің базасында сағат 14:00 – де екі ауылдың да балалары оқытылады.

Жалпы бала саны -83. Қызылжұлдыз ауылынан 43 бала (оның 3-і даярлық сынып), Екідің ауылынан 25 бала (оның 3-і даярлық сынып). 15 бала №2 жалпы білім мектептің  шағын орталығына орналастырылған.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу