Арқалық маңында қар құрсауынан жеті адам құтқарылды

Арқалық маңында қар құрсауынан жеті адам құтқарылды

Өткен тәулікте Қостанай облысында дауылды ескертулер жарияланды. Ауа-райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін Әулиекөл – Жалдама бағытындағы (0-257 км), Арқалық-Торғай (0-288 км) автожолдары жабылды. Осыған қарамастан, машиналардың дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты қиын жағдайға тап болған адамдарды құтқару жағдайлары болды. Облыста  7 адам құтқарылды.

Мәселен,  “Арқалық-Торғай” бағытының   25 км шақырымында ТЖД  күштерімен 4 адам құтқарылды (медициналық көмек қажет емес).

Анғар  ауылынан 17 км қашықтықта қар құрсауында қалған “КАМАЗ” жүк көлігінен 3 адам құтқарылды (медициналық көмекке мұқтаж емес). Арқалық қаласынан, Жосалы жерінен 20 км қашықтықта “ВАЗ 2110″техникалық ақаулы жеңіл көлігі  эвакуацияланды.

Жаңалықтармен бөлісу