Арқалық домбырашыларына алғыс айтылды

Арқалық домбырашыларына алғыс айтылды

Халқымыздың ұлттық мұрасы төл аспабымыз киелі домбыраны насихаттауда арқалықтықтардың да үлесі зор. Жыл сайын жоғары сән-салтанатымен аталып өтілетін «Ұлттық домбыра күні» шынайы көрінісін тауып, өте ауқымды деңгейде іс-шаралар атқарылып келеді.

Осыған орай, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов кезекті аппарат жиынында ұлттық өнерді дәріптеуде айрықше еңбек сіңіріп жүрген өнерпаздарға сый – құрмет көрсетіп, «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

«Ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа табыстауда өнер ұжымдарының басшылары мен жетекшілерінің еңбегі өлшеусіз. Таяуда өткен «Ұлттық домбыра күнінде» қаламыз мың домбырашы шығарып, халқымыздың өнерін өрістетті. Біз өз тарапымыздан өнерден ештеңе аяп жатқанымыз жоқ. Биыл домбыра күнін жаңа саз аппаратурасымен өткіздік. Жылда оны жалға алатынбыз. Өте тамаша болды. Мың домбыраның үні ғимараттың ішінде тыңдап отырғандай таза естілді. Еліміздің рухани байлығын молайтуға үздіксіз қосып жатқан елеулі еңбектеріңізге тек өрлеу, шығармашылық шабыт тілеймін», – деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов.

blankblank blank Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, төл өнерімізді жас толқынның бойына сіңіріп, дәстүрлі өнерге шәкірт тәрбиелегені үшін аға буын өнерпаздар алғысқа кенелді. Олардың қатарында: ҚР Мәдениет қайраткері, қазақ ұлт – аспаптар оркестірінің жетекшісі Боранбай Әбенов, Б.Байқадамов атындағы музыка мектебінің басшысы Жақсыгүл Бөлтірікова, күйші, ұстаз-жетекшілер Әділ Ақан, Серікболсын Шайхин, Нұрхан Айдаров сынды өнерпаздар бар.

blank blank blank Сондай – ақ, қала және ауыл мектептері, балабақшаларының домбырашыларына да белсене қатысқаны үшін алғыс айтылды. Университет, колледждердің қатысушылары, ауылдық мәдени ұйымдастырушылар да қала әкімінің «Алғыс хатына» көптеп ие болды.

blank blank blankblankӨздеріне көрсетілген құрметке өнерпаздар атынан мың домбырашының дирижеры Бораш Қазбекұлы зор алғысын білдіріп, қалада қолға алынып жатқан игі бастамалардың нәтижелі болуына тілектес екендіктерін айтты.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                            Арқалық қаласы