Тобыл төрінде өтіп жатқан республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән фестивалі аясында қалың көрермен кәсіби хас әншілердің де өнерімен сусындады.
Солардың бірі – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының жетекші Бәбіжан Бағлан. Бұл кісі Ахмет Байтұрсынұлының “Кәмшат бөрік” әнін әуелете шырқады.
“Ахаңның Затаевичке 25 ән бергені белгілі. Затаевич қазақ тілін білмегесін сөзін жазбаған. Тек “Қарагөз” және осы “Кәмшат бөріктің” сөзі бар. “Кәмшат бөрік” Тобыл-Торғайдың әні. Сондықтан Ахаң бұл әннің қалайда сақталып қалуына ықпалын тигізді. Бірақ мәтінінде қазақтың көне сөздері, діни сөздер болғандықтан, 70-80 жыл бойы айтылмай келді. Содан мен консерваторияда оқып жүргенімде ұстазым Бекболат Тілеуханов “осы әнді орындап көрші” деді. 1999 жылы мемлекеттік емтиханда айтып шықтым. Содан бері репертуарымда”, – дейді Бәбіжан Бағлан.
Ол бұл әннің насихаты аз екенін айтады. Тобыл өңіріне келіп тұрғандықтан, оны Ахаң аруағының разылығы үшін шырқауды парызы санапты.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.