Арман Баймағамбетов облыстық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарады

Арман Баймағамбетов облыстық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарады

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен  Арман Есетұлы Баймағамбетов  облыстық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Арман Есетұлы 1979 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2003 жылы Қостанай қалалық ауруханасында  анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып бастаған.

Әр жылдары дәрігер-хирург,  денсаулық сақтау басқармасы  басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2023 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Тағайындалғанға дейін облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу