Ардақты ардагерлер!

Ардақты ардагерлер!

Қадірлі Аға буын өкілдері, Сіздерді «1 қазан – Халықаралық  қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» – деген керемет сөз бар! Біз әркез аға апаларымызды қадірлеп, ардагерлерің ардақтаған ұрпақпыз! Аға буын ардагерлердің ел дамуына қосқан өмір жолымен қатар, салт дәстүрімізді сақтап бүгінгі ұрпаққа жеткізген тәжірибелеріңіз өнеге мен тағылым мектебі десек, артық айтқандық болмас!

Елімізде соғыс ардагерлеріне, қазіргі ардагер-зейнеткерлерге жақсы өмір сүрулеріне көп көңіл бөлінуде. Зейнетақының өсуі, жасалып жатқан жеңілдіктер, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар басқа да игі шаралар зейнеткерлерді қолдау деңгейінің жоғары екенің көрсетеді.

Зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайы, күнделікті тыныс-тіршілігі, тиісті қолдаулар мен жеңілдіктерге ие болуы әрқашанда мемлекет назарында.

Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосуда.

Сіздерге үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғыс айту біздің парызымыз.

Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!

Б. Ахметов,

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Қостанай облыстық

филиалының

төрағасы

 

Жаңалықтармен бөлісу