Арандатушылардың жолын кесу керек

Арандатушылардың жолын кесу керек

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы отырысы өтті. Басты тақырып – ел бірлігі мен татулық. Бірлік – мақсатымызға апарар жол ғана емес, мемлекеттігіміздің басты тірегінің бірі. Мемлекет басшысы сессияда сөйлеген сөзінде осындай ой қозғады. Ассамблеяның еліміздің саяси жаңғыруында, ұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарғанын ерекше атап өткен жөн.

“Ассамблея реформаларды қоғамдық қолдауды кеңейтуге, мемлекет дамуының стратегиялық міндеттерін шешуге барлық этностарды тартуға ықпал етті» деді Президент. «Біз бірге тағдырлы шешімдер қабылдаймыз, ортақ болашағымызды бірге жасаймыз. Мұндай мақсат бірлігі біздің реформаларымыздың қуатты қозғалтқышы болатынына терең сенімдімін. Жалпы, бұл біздің ең маңызды, баға жетпес жетістігіміз», – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ел Президенті көтерген барлық бастамаларды толық қолдаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бірлігіміз бен келісімімізге нұқсан келтіруге бағытталған кез келген арандатушылықтардың жолын кесу керек.

Альмира Жансүгірова,

Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры

Жаңалықтармен бөлісу