Аралбай ауылындағы бағандар қалпына келтірілді 

Аралбай ауылындағы бағандар қалпына келтірілді 

Жаңа жыл түнгі қатты желдің салдарынан Көкалат ауылының тұсында Аралбай ауылына тоқ жеткізетін 7 бағана құлап қалды.

Аудан әкімдігіне хабар жетіп, басшылықтың бұйрығымен мамандар тез арада халыққа жарықты қысқа мерзімде қосуға кірісті.

Аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Ақылбекұлы мен аудандық электр желісі мекемесінің басшысы Нұрболат Жақсылықұлының бақылауымен мекеме бас инженері Әліби Манабайұлы бастаған 12 адам 4 арнайы техникамен залал келген орынға шұғыл түрде аттандырылды.

“Ауа райының қолайсыздығына қарамастан құлаған бағандардың орнына жаңасын орнатып, қысқа мерзімде сымдарын тартып халыққа электр жарығын тез арада берілді. Мереке және демалыс уақытында тынбай жұмыс жасап, өз ісінің нағыз маманы ретінде көрсете білген электр желісі мамандарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ”, – дейді Аралбай ауылдық округінің әкімі Әділжан Нысанбаев.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Арман Тарғынұлының ауыл әкімімен тікелей байланыста болып, жұмыс барысын қадағалап отырғандығын атап өткен жөн.

Барша Аралбай ауылы тұрғындары бас инженер Әліби Манабайұлына, Көкалат ЛПУ шебері Есет Хамзинге, электро монтерлер Жәнібек Байғозы , Асылан Кенжетаев, Арлан Мұханбедқалиев , Серік Жохар, Нұрлан Думанға және арнайы техника жүргүзушілері Болат Жүсіпов ,Әлімбек Исмағұлов , Нұрболат Салықов, Бейбіт Досмағанбетовке алғыс білдіреді.

 

Жанкелдин ауданы

Жаңалықтармен бөлісу