«Ақжелең» ансамблі Арқалықты ән-күйге бөледі

«Ақжелең» ансамблі Арқалықты ән-күйге бөледі

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының «Ақжелең» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Арқалық қаласының өнерсүйер қауымына «Бабадан қалған асыл мұра» атты концерттік бағдарламасын тарту етті.

Отыз жылдан астам тарихы бар ансамбль өзінің жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында республиканың жетекші шығармашылық ұжымына айналды. Қостанай филармониясының інжу-маржаны саналатын өнерпаздар : Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина, Махамбет және басқа да көрнекті қазақ сазгерлерінің  шығармаларын шебер орындап, тыңдарман жүрегінен орын алып келеді.

Қала әкімі Әмірхан Асанов өнерпаздарды құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті.

blank blank Қазақтың төл өнерін насихаттап, ән мен күйді әуелеткен ұжымның өнеріне көрермен қауым ерекше тәнті болды. Салтанатты шақта қала әкімі Әмірхан Асанов ұжымның алғашқы жетекшілері, ансамбльдің кең қанат жаюына зор үлес қосқан танымал өнерпаздар: Әлімжан Әбсадықов, Назымбек Молдахметовтердің өнегелі ісін өз деңгейінде жалғап отырған «Ақжелең» ұлт-аспаптар ансамбльінің көркемдік жетекшісі  — Ыбырай Есжанның еңбегіне ел атынан ризашылығын білдірді. Шығармашылық ұжымға алғысын айтып, ықылас гүлін табыстап, ансамблге ақшалай сый-сияпат көрсетті.

blank blankblank Өнерге деген шынайы сүйіспеншілік пен тынымсыз еңбектің нәтижесінде «Ақжелең» ансамблінің ұжымы көптеген республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты атанып, алыс-жақын шетелдерде ұлттық өнерімізді жоғары деңгейде насихаттап жүр.

blank blank blank blank blank blank blankblank

blank blank Ұлттық өнердің құндылығы мен рухани мұрасын дәріптеген тағылымды кешке көрермен көптеп жиналып, ансамбльдің өнеріне ерекше ықылас танытып, зор ризашылықпен тарқады.

blank Ыбырай Есжан,

«Ақжелең» ансамблінің көркемдік жетекшісі:

«Ұлттық өнерді ұлықтап ұлы өнердің шоғын үрлеп жүрген жандармыз. Көптен бері сағынысып табысқан қалалық мәдениет сарайының күрделі жөндеуден кейінгі жаңашыл кейпін көріп қуанышымызды еселедік. Туған жердің көркейіп, гүлденуіне қашанда тілекшіміз. Ел үлкен өмірге қанат қаққан перзенттеріне қандай тілекші болса, біз де үнемі халқымыздың тұрмысының жанданып, әл-ауқатының арта беруін үнемі қалап жүреміз. Арқалығымыздың 70 жылдық мерейтойы құтты болсын! Қаламыз гүлдене берсін. Көңіл көтерерлік іс – шаралары көп болып, киелі саханасы өнерпаздардан босамасын».

 

Мұрат Жүнісұлы

 Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                          Арқалық қаласы