Жыланшық өзенінің Тосынға құятын тұсында терең құлақша бар. Ағыс күшейсе, қарғын су сонда жиналып, Ақшығанақ ауылына қауіп төндіруі мүмкін.
Жанкелдин ауданы Ақшығанақ ауылдық округінің әкімі Жарқын Қибатұлы қызыл судың жолына тосқауыл жасауға әрекеттеніп жатқандарын айтады.
“Ауыл жігіттері іргеге қап үйіп, топырақтан бөгетше істеп қойды. Түнгі сағат 01:30-ға дейін айналаны торумен, ауыл шетін күзетумен болдық. Өзен маңындағы бағаналардың жанына су жиналғанымен, ауылға төніп тұрған қауіп жоқ”, – дейді ауыл әкімі.