Ақбота “Әлем аруы” атанды

Ақбота “Әлем аруы” атанды

Бейімбет Майлин ауданы Тобол ауылынан шыққан жас өнерпаз Ақбота Әлімқызы Бангкокта (Тайланд) өткен «Kids Star International 2024» байқауында «Әлем аруы» атағын жеңіп алды.

Ол бұған дейін Алматы қаласында өткен «Мини-Мисс Евразия 2024» ұлттық балалар байқауының финалисі атанып, «Мини-Мисс Қазақстан 2024» және «Үздік талант Қазақстан 2024» титулдарын иеленген еді.

Ол Евгения Орлова жетекшілік ететін «DIAMONDS» би ұжымының мүшесі, сондай-ақ түрлі республикалық және халықаралық байқаулардың қатысушысы әрі жеңімпазы.

Ақбота өзінің жарқын таланты мен еңбекқорлығын әрдайым дәлелдеп келеді.

Ақбота елімізді халықаралық аренада танытып, Бангкокта (Тайланд) өткен «Kids Star International 2024» байқауында екінші орын алып, қосымша кішкентай «Әлем аруы» атағын жеңіп алды.Ол бұл байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, елінің абыройын асқақтатты.

Ақботаны кішкентайынан жетелеп, өзіне деген сенімін нығайтып, талабын ұштап жүрген – анасы Әсел ханым. Ол қызын барлық байқауларға дайындап, еңбектеніп, апарады. Сол талпынысы жанып, қызы да көпшілікті тамсандырып жүр.

Жаңалықтармен бөлісу