25 мая, 2025
Апат болған жерде іздестіріліп жатқан үш адамның біреуі табылды

Апат болған жерде іздестіріліп жатқан үш адамның біреуі табылды

Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды. Дәлірек айтқанда, жедел жәрдем қызметі 4 адам Қостанай облыстық ауруханасына, 7 адам Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Тіркелгендердің бәрі – орташа жарақаттар. Барлық қажетті шаралар кешені қабылдануда. Оқиғамен  түскендер ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, бірақ толық сендіру үшін 3 адам бірнеше күн стационарлық емделуге қалдырылып, 3 адам амбулаториялық емде бақыланады. 1 жәбірленуші Қостанай қалалық ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілді. Ол ер адам шамамен 40 жаста, ми жарақатын алған, тексерудің барлық түрі жүргізіліп жатыр.

Іздеу-құтқару жұмыстарының жедел штабына  қатты аяз бен құлаған үйіндінің салдары  біраз қиындық тудырды. Бірақ, жұмыс тоқтаған жоқ.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына екі жүз адам мен үш техника жұмылдырылды. Апат орнынан бір табылған зардап шегушінің қақаған аяздың салдарынан тірі қалуы да екі талай», – дейді департамент бастығы.

Жоғалған адамның табылуына үйретілген арнайы иттердің көмегі тиген. Қалған екеуі де сол маңайда болуы ықтимал деген болжам бар.