Американдық диплом – Қостанайда

Американдық диплом – Қостанайда

Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен University of Minnesota Morris (АҚШ) арасында меморандумға ресми қол қойылды.   Бұл келісімшарт қос дипломды білім беру бағдарламасына жол ашпақ.
Қостанай университетінің және АҚШ-тың University of Minnesota Morris университетінің өкілдері осылайша  онлайн форматта ынтымақтастықтың басталуын рәсімдеді.

Екі диплом бағдарламасы  – (6B06104 Компьютерлік),  (ГОП B057 «Ақпараттық технологиялар») Қостанай университеті мен американдық университетте өткізілмек. Оқу аяқталғаннан кейін түлектер осы екі дипломды алады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек екі университеттің жылдам ынтымақтастығын атап өтіп, студенттер мен оқытушыларға сәттілік тіледі.

University of Minnesota Morris ректоры Janet Schrunk Ericksen:

«Бұл ынтымақтастық екі университетке де пайда әкеледі. Бұл тек бастамасы деп сенемін!»

– деп хабарлады.

«Біздің көлік құрастыру, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті екі елмен – Оңтүстік Кореямен көлік құрастыру бағытында білім алуда, ал енді АҚШ-мен IT бағытында жұмыс істейді. Әріптестерімді құттықтаймын! Бұл маңызды және жауапты қадамдар»,

– деді А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры Сейітбек Қуанышбаев әріптесінің сөзін ала.

Қос дипломды бағдарламамен оқитын студенттер де қол қою рәсімісінің куәсі болды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерге сәттілік тілеп, маңызды кеңес берді.

«Бұл жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бірақ оны жіберіп алмау маңызды – жақсы оқып, өзіңізді дамыту қажет. Өсу әрқашан күш-жігерді талап етеді. Сондықтан да оқытушылар мен студенттер жаңа білім беру мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін тынымсыз жұмыс істеуге дайын болуы тиіс», – деді министр.

Қостанай студенттері үшін бұл ынтымақтастық әлемдік деңгейдегі білім мен тәжірибе алуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу