Аманкелділіктер белсенді қатысып жатыр

Аманкелділіктер белсенді қатысып жатыр

Таңмен таласа сайлау учаскелеріне асыққан тұрғындарды көп кездестіруге болады.
№227 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-де ең бірінші болып Қуатбек Айтмағанбетов есімді тұрғын келді. Оған алғашқы келгені үшін арнайы сыйлық табысталды.
— Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өте үлкен саяси қадам. Бұл барша қазақ үшін маңызды шешім қабылданатын сәт. Мен сайлаудан ешқашан шет қалған емеспін. Көбіне алғашқы ондыққа ілігетінмін. Бүгін ерте келіп, арнайы әзірленген сыйлықты алдым. Мен үшін күтпеген тосын сый болды. Ел үшін қабылданатын ұлы шешімдердің бастауы болған бұл күн аса маңызды, — дейді Қуатбек.
Аталған учаскеде алғашқы 10 минут шамасында 6 дауыс беруші өз таңдауын жасады. Жалпы №227 учаскеде 756 адам тіркелген.

Бибіт НҰРМҰХАНОВ,
Аманкелді ауданы.
Суреттерді түсірген автор.

Жаңалықтармен бөлісу