Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің “Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы Нұрлыбек Еренғайыпұлына табыс етті. Әбдіхалықов Нұрлыбек Еренғайыпұлы 1971 жылы Амангелді ауданында туған. 1985-1987 жылдары самбо күресінен Торғай облысының жеңімпазы, самбо күресінен спорт шеберіне үміткер, 1988-1992 жылдары Алматы қаласындағы қазақтың дене шынықтыру мәдени институтының дене шынықтыру пән мұғалімі және бапкер мамандығын алған. 1989 жылы самбо күресінен Алматы қаласында өткен КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері, Қазақ күресінен Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасы спорт ардагерлерінің спартакиадасының қола жүлдегері атанған. Еңбек жолын 1992 жылдары Алтынсарин мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі, 2002-2005 жылдары білім бөлімінде әдіскер, 2005-2008 жылдары спорт бөлімінде бас маман, спорт мектебінде бапкер, 2008-2021 жылдары спорт мектебінің директоры, 2021 жылдан бастап жабық спорт бассейнінің меңгерушісі қызметін атқаруда.