Аманкелді кентіндегі жарылыс болған №2 жылу қазандығының орнына салынып жатқан блокты-модульді жылу қазандығының құрылысы аяқталды.
“Қазіргі кезде блокты-модульді жылу қазандығының фундаменті құйылып, қабырғалары тұрғызылды. Шатыры жабылып, түтін шығару мұржасы орнатылды. Негізгі жылу жүйесі трассасына қосылып, электр желілерін жалғанды. Осылайша 15 қарашадан бастап толығымен жұмысын бастады”, – деп хабарлайды аудан әкімдігі.
Блокты-модулді жылу қазандығында 3 дана КС-5 маркалы су ысытқыш жылыту қазандықтары орнатылған, әр қазандықтың қуаттылығы – 5,0 Гкал/сағ. (0,5 МВт).
Блокты-модульді жылу қазандығын сатып алу үшін облыстық бюджет есебінен 62 000,0 мың теңге қаражат қарастырылды.
Айбек Таңатбаев
Аманкелді ауданы