Аманкелді ауданындағы “Тәуелсіздік” саябағында рәміздер күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
1992 жылы 4-ші маусым күні Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Аталмыш күнге орай Аманкелді ауданындағы “Тәуелсіздік” саябағында жиын өткізілді. Жиында аудан əкімі Талғат Карбозов сөз алып, айтулы іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
— Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Ту, Елтаңба және Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Рәміздер күні біз үшін және барша қазақ елі үшін маңызды күн. Әлем елдерінің алдында мемлекетті ерекшелеп айшықтайтын рәміздер екені сөзсіз, — дейді аудан әкімі.
Мерекеге орай Есір ауылынан “Тәуелсіздік” саябағына дейін автошеру ұйымдастырылған болатын. Аудан көшелерінде автокөліктер көк байрақты желбірете ұстап, автошеру жасады.
Бейбіт НҰРМҰХАНОВ,
Аманкелді ауданы