Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасы дәстүр бойынша 5 жасар ер балалар арасында өтетін «Алтын сақа» сайысында өз деңгейінде атап өтілді. Сайысқа ауданымыздың 3 балабақшасы мен ауылдық округтерден келген бүлдіршіндер қатысып, 5 кезеңнен тұратын «Тегін білу, тектілік», «Шебер қолдар», «Өнерлінің өрісі кең», «Ер бойында жарасар сәндік киім», «Алтын сақа» сайыстарында бүлдіршіндер өздерін бар қырларын жақсы көрсете білді.Сайысқа төрелік еткен қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені «Қаламқас» балабақшасынан келген Асылжан Түсіпқали иеленді.
1 -орынды «Жұпар» балабақшасынан келген Ғабит Шахмұрат иеленсе, 2 –орынды Үрпек ауылыннан келген Жұрынбек Айсұлтан мен «Балдырған» балабақшасынан келген Дәуренбек Арнұр мен Тасты ауылыннан келген Бейсенбай Айбат жеңіп алды. Ал 3- орынды Байғабыл ауылынан келген Салауат Әлихан және Есір ауылыннан келген Жақсыбай Ержігіт пен Құмкешу ауылынан келген Жомарт Мейіржан жеңіп алды.
Сонымен қатар, Амантоғай ауылынан келген Таңат Батырбек Қайратұлы «Шебер жігіт» номинациясын жеңіп алса, Жалдама ауылынан келген Қуанышұлы Расыл «Сымбатты жігіт» номинациясын иеленді. Қарынсалды ауылының келген Арабай Араби «Өнерлі жігіт» номинациясына лайық деп танылды.
«Алтын сақа» сайысын өткізу арқылы қазақ халқының ұлттық ойынның дәстүрін бір жаңғыртып алғандаймыз. Байқау қатысушылары да, көрермендері де өткізілген іс-шарадан тағлымды тәрбие алды деген сенімдеміз.
Зарина Мұсабаева
Амангелді аудандық орталық
балалар кітапханасының меңгерушісі.