Аманкелді елді мекеніндегі құтқару жұмыстары аяқталды

Аманкелді елді мекеніндегі құтқару жұмыстары аяқталды

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 12.36-да газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат опырылып түскен еді. Өрт 13 сағат 25 минутта оқшауланып, 13 сағат 52 минутта жойылды.

Қостанай іргесіндегі Аманкелдідегі (Краснопартизан) өртті сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына 263 төтенше қызмет қызметкері мен 61 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, “Дос” және “Қызыл жарты ай”, “Регион 10” еріктілер топтары тартылды.

Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 12 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, үшеуін құтқару мүмкін болмады.

Облыстық ауруханаға жатқызуға 4 адам жеткізілді. Қалалық ауруханаға 6 адам келді. Медициналық көмек алу үшін 1 адам өз бетінше жүгініп, 1 адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық қызметтердің барлық кешені көрсетіледі.

7  жеңіл және 5  ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстары зақымданды. Үйінді астынан 6 адам шығарылды,  3-і қайтыс болды.

Қостанай қ. ПБ ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда 2 және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).

Суреттерді түсірген

Бердіболат Көркембаев 

Жаңалықтармен бөлісу