ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Қанат Уашұлы Кеделбаев Аманкелді ауданының әкімі болып тағайындалды. Осы тағайындауға дейін Аманкелді аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарды.
Қанат Уәшұлы 1970 жылы Аманкелді ауданында дүниеге келген. Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын биология және химия мұғалімі мамандығы бойынша, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Аманкелді ауданы Шөптікөл кеңшарының құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған.
1995 жылдың қыркүйегінен 1998 жылдың наурыз айына дейін Аманкелді ауданы Шөптікөл орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді.
1998 жылдың наурызынан 2002 жылдың ақпанына дейін Аманкелді ауданы Өтеміс ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
2002 жылдың ақпанынан 2007 жылдың мамыр айына дейін Аманкелді ауданының әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2007 жылдың мамырынан 2016 жылдың мамырына дейін Байғабыл ауылдық округінің әкімі, Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
2016 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Аманкелді аудандық мәслихатының төрағасы болып жұмыс істеді.
Қанат Уәшұлыжұмыс барысында өзін іскер, тәжірибелі, табанды, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман, сауатты басшы ретінде көрсете білді.