Аманкелді ауданында тұрғын үй құрылысы басталды

Аманкелді ауданында тұрғын үй құрылысы басталды

Аманкелді ауданының Аманкелді, Амантоғай, Ағаштыкөл, Байғабыл, Есір және Қарасу ауылдарында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналып, жаппай баспана салына бастады.

Облыс басшылығының шешімімен, Әулиекөл ауданы және Рудный қаласына осы аумақта 27 тұрғын үй салу ісі жүктелді. Ертерек іссапарға жіберілген құрылысшыларды орналастыру және тамақтандыруды ұйымдастыру үшін Амангелді ауданына қажетті азық-түлік өнімдері мен басқа да заттар жіберілді. Тұрғын үйлердің құрылысы аудан басшылығының бақылаумен және жеке қадағалауымен жүргізіледі.

Жаңалықтармен бөлісу