Аманкелді ауданы Тасты ауылдық округінің әкімі Қарынсалды ауылында 4 адамның улы газдан қаза болғаны туралы хабарлады.
Олардың екеуі екі, сегіз жастағы қыз, біреуі үш жасар ер бала. Араларында 67 жасар қария бар.
“Балардың әкесі мен төрт жасар ер бала ауыр жағдайда Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Аналары сонда халсіз жатыр. Отбасы аз қамтылған, әлеуметтік жағынан осал топқа жатады. Отағасы жергілікті мектепте от жағушы болып жұмыс істейді”, – делінген ресми мәлімдемеде.