Аманкелді ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдауды 28 наурыздан бастаған еді. Волонтерлік штаб бүгінде 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек қабылдады.
Су тасқынынан зардап шеккен Аманкелді ауданында 584 отбасыға азық-түлік, киім кешек таратты. Үйлері құлаған отбасыларға 50 – ден астам киіз үй, 195 генератор, қайық және тағы да басқа инертті заттардан көмек берді.
Штаб көршілес Жанкелді ауданының 7 ауылынада гуманитарлық көмек көрсетті. Одан қалды Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданына жәрдемдесті.
Бүгінде 400 – ге жуық волонтерар қызметтерін жалғастыруда. Барлық келген көмектер кірістеліп отыр. Зардап шеккендерге әр ауыл бойынша кіріс /шығыс құжаттары бар.
Штаб жұмысының 4 бағытын айқындап алдық. Бірінші бағыт бойынша ауыл азаматтарынан құрылған қол күші судың алдын бөгеу жұмыстарына кірісті. Екінші, еңбек адамдары механизаторлар мен тракторшылар, ауыр жүк көлігінің жүргізушілері бірігіп, техника күшімен құм, күл төкті. Ал қыздар, әпкелеріміз, апаларымыз ыстық тамақ, көже, шай ұйымдастырып, эвакуацияланған тұрғындарды, алыстан гуманитарлық көмек әкелген жүргізушілерді, құтқарушыларды тамақтандырып отырды.
Төртінші бағыт бойынша гуманитарлық көмек ретінде келген азық-түлік, ыстық тамақ, киім-кешек, аяқ-киім, қаптар мен құрал-саймандарды сұрыптап, елге шұғыл таратып отырдық. Біздің қатарымыз бірден көбейіп кетті. Волонтерлерді жас, кәрі деп бөлуге болмайды, қатарымызда жас та, кәрі де жүрді. Мысалы, 74 жастағы бір әжеміз күн сайын ыстық көжесін қайнатып, бауырсағын пісіріп далада жұмыс істеп жатқандарға таратты. Мектепті су басып жатқанда оны бөгеуге қаншама жігіттер атсалысты. Солардың еңбегінің арқасында алтын ұя мектебімізді аман алып қалдық. Сол азаматтарға деген алғысым шексіз. Әлі күнге дейін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Кеше Қостанайға келе салып бір жүк көлігімен келген гуманитарлық көмекті қабылдап, ауылға жібердім. Аманкелді ауданында ресми түрде тіркелген 394 волонтер жұмыс істеді. Қазір жағдай дұрысталған соң, гуманитарлық штабта 30 волонтер қалды.
Жабық режимде жұмыстар қайта басталды. Қоныс тойын тойлап жатқан ағайынға қажетті заттар үлестіреміз.Құрылыс басындағы жұмыскерлерге ыстық тамақпен қамтамасыз етеміз. Күні кеше Өзбекстаннан гуманитарлық келіп көмек жетті. Жүк келген кезде түсіріп, сұрыптап, елге тарату үшін тағы 20 волонтер шақырамыз.
Айбек Таңатбаев