Амангелді ауданында AQBAYAN оқу орталығы өз жұмысын бастады

Амангелді ауданында AQBAYAN оқу орталығы өз жұмысын бастады

Енді ата-аналар үшін сенімді көмекші, ал балалар үшін білім мен шығармашылықтың жаңа мекені есігін айқара ашты.
Амангелді ауданы әкімінің орынбасары Сахан Төленов  сапалы білім мен қамқорлықтың жаңа орталығына табыс тіледі. Оның айтуынша,  бұл жерде бастауыш сынып оқушыларына үй тапсырмаларын орындауға көмек көрсетілмек.

«Қосымша сабақтар мен дамытушы және танымдық ойындар өтеді. Тілі кеш шыққан балаларға жеке және топтық сабақтар арқылы сөйлеу тілін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Журналистік үйірмесінде болашақ тілшілер алғашқы қадамдарын бастайды. Балалар сұхбат алуды, жаңалық әзірлеуді, камера алдында еркін сөйлеуді, репортаж түсіруді және өз бағдарламаларын жүргізуді үйренеді”, – деді Сахан Төленов.

Кешкі тәрбиеші қызметі көрсетіледі. Ата-аналар маңызды шаруаларымен айналысқан уақытта балаларыңызды сенімді мамандардың қарауына қалдыра алады. Балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығы – басты назарда болады.

blank blank

AQBAYAN оқу орталығы – әр баланың қабілетін шыңдап, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын, ата-аналарға қолдау көрсететін жаңа білім мен тәрбие орталығына айналғалы тұр.

Ақбаян ТЕМІРЖАНОВА

Амангелді ауданы