«AMANAT» партиясының қабырғасында кәсіпкерлерді қабылдады

«AMANAT» партиясының қабырғасында кәсіпкерлерді қабылдады

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов және Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетпаев қатысты.


Кездесудің басты көздегені – бизнесті қолдау, кәсіпкерлерді толғандырған өзекті мәселелерді талқылау және өңірдегі кәсіпкерлік ортаны дамытуға бағытталған тиімді шешімдер әзірлеу. Қабылдау барысында бес кәсіпкер өз бизнесін кеңейту, қосымша қаржыландыру тарту және салалық кеңес алу мәселелерін көтерді. Кәсіпкерлердің әрқайсысына нақты ұсыныстар беріліп, туындаған мәселелер бойынша жан-жақты түсініктемелер ұсынылды. Ренат Дәулетпаевтың айтуынша, Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысуға барлық қажетті жағдай жасалған. Мемлекет кәсіпкерлерді қаржылай және ұйымдастырушылық тұрғыда қолдап, түрлі тетіктер ұсынып отыр.

“Ең бастысы осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет. Алдағы уақыта кәсіпкерлерді қолдау шаралары кеңейтілетін болады”, – деді ол.

Биогумус өндірісін қолға алуды жоспарлап отырған кәсіпкер Гүлнара Әбілова мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, бұл формат іскерлік байланыс орнатуға, кәсіби кеңес алуға, жобаларды жүзеге асыру үшін серіктестер табуға және мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.


Мұндай іс-шаралар өңірде қолайлы бизнес ортаны қалыптастыруға және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға сеп болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Алексей ТААХ
ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу