AMANAT партиясының филиалында жаңа төраға

AMANAT партиясының филиалында жаңа төраға

Алмат Кәкімжанұлы Досмұхамедов AMANAT партиясы облыстық филиалының төрағасы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясында ұсынылды.

Алмат Кәкімжанұлы 1984 жылы Жітіқара қаласында дүниеге келген. Қостанай педагогикалық институтының Еңбек және кәсіпкерлік технологиясының мұғалімі мамандығын алып шыққан,  саясаттану бакалавры бойынша Көкшетау мемлекеттік университетін аяқтаған, халықаралық бизнес университетінің Мемлекеттік басқару магистрлігін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қостанай қаласындағы No4 орта мектеп директорының орынбасары болып бастаған. 2005-2012 жылдар аралығында ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарды атқарып, Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметін басқарды.
2012 жылдан бастап 5 жыл бойы Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары – ішкі саясат пен әлеуметтік сала мәселелерін басқарды. 2017 жылдан бастап 3 жыл бойы партияның Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2018-2019 жж – Партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі.
2020 жылдан бастап 4 жыл «АМАNАТ» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
Осы жылдың 22 қаңтарында ол партияның Қостанай облыстық филиалының жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Алмат Кәкімжанұлының еңбектегі жетістіктері, партия жұмысын жүзеге асырудағы белсенділігіне сай «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» грамотасымен, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Жаңалықтармен бөлісу