«Аманат» партиясы облыстық филиалының жылжымалы қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысы жалғасуда

«Аманат» партиясы облыстық филиалының жылжымалы қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысы жалғасуда

Бүгін ЖҚҚ мүшелері Қарасу ауданы, Комсомольское ауылының азаматтарын қабылдап, ауыл тұрғындарының партия мүшелері мен әкімдіктер басқармасы өкілдеріне келіп жүгінген мәселелерін тыңдады. Бұл бастама азаматтармен кері байланысты күшейту бөлігінде партияны өзгерту аясында жүзеге асырылуда.

 

Бүгін ЖҚҚ мүшелері ауылдың 20-дан астам тұрғынын қабылдап үлгерді. Олар негізінен су құбырын тарту, ауылішілік жолдарды жөндеу, ұялы байланыс пен интернет сапасы мәселелерін қозғаса, ауылдағы көшелерді жарықтандыруды жаңғырту мәселесі де назардан тыс қалмады. Партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жаңылсын ОРАЛБАЕВА атап өткендей, бүгінде облыс, қала әкімдігінің басқарма өкілдерімен, сондай-ақ аудандық мәслихат депутатымен бірлесе отырып, Комсомольское кентіндегі мәселелерді шешуде ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

 

– Шалғайдағы ауыл тұрғындарының партияның аудандық немесе облыстық филиалына, облыс әкімдігінің басқармаларына жүгіне бермейді, олардың мәселелерін тиісті органдарға немесе партия депутаттарына жеткізуі қиынырақ. Біз адамдар мәселемен келеді деп күтпейміз, оларға өзіміз барамыз. Және бұл бір реттік әрекет емес, бұл тәжірибе тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Себебі осы сынды іс-шара ең шалғай жатқан ауылдардың да мәселелерін қолға алып, жүйелі шешімдер қабылдау үшін ақпаратты талдауға мүмкіндік береді», – деді Жаңылсын Оралбаева.

 

 

Алғашқы жүгінушілердің бірі Комсомольское ауылының тұрғыны, оның айтуынша 2021 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан су құбырының жөндеу жұмыстары  осы күнге дейін аяқталар емес. Бұл ауыл төңірегінде біраз қиындықтарды тудырып отыр.

 

Алғашқы келушілердің бірі Комсомольское ауылының тұрғыны 2021 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан су құбыры мәселесін көтерді. Алайда, осы күнге дейін жөндеу жұмыстары біткен жоқ.

 

Өз кезегінде көшпелі қоғамдық қабылдауға қатысқан Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Эльдар Мұханов келісім шарт талаптарын орындамаған жосықсыз мердігердің кесірінен мәселе туындағанын, қазір сот процестері жүріп жатқанын айтты. Тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы Қазақстан Республикасының Конституциялық соты 2023 жылдың 25 шілдесіне тағайындалды. Сот шешімінен кейін 2023 жылға арналған смета түзетіліп, көлемі жағынан келер жылы жұмыс жалғасуы мүмкін.

 

Көтерілген мәселелердің қатарында ауылдағы көшелерді жарықтандыру, жол жөндеу, интернет пен ұялы байланыстың сапасын арттыру да бар. Аудандық мәслихат депутаты Осман Сатаев атап өткендей әрбір өтініш бойынша жауапты тұлғалар мен мерзімдерді белгіленген.

 

– Партия мүшелері халықпен тікелей диалог орнатуға, олардың тілектері мен өтініштерін тыңдауға келді. Бүгінде көптеген мәселелер нақтыланды. Кейбір мәселелер бойынша тиісті органдарға сауалдар жолданды. Ауыл тұрғындарымен үнемі байланыстамыз. Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды, деді Осман Сатаев.

 

Жалпы жыл басынан бері 5 көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіліп, оның барысында 46 адам қабылданды. Оның ішінде: 18 өтініш қанағаттандырылды (39%), 24 түсініктеме берілді (52%), 4 өтініш (9%) бақылауда.

Жаңалықтармен бөлісу