«Алюминстрой» 100 балаға көмек берді

«Алюминстрой» 100 балаға көмек берді

Жаңа оқу жылының қарсаңында Арқалық қаласындағы «Алюминстрой» ЖШС «АМАNAT» партиясының «Баланы мектепке дайындайық!» атты акциясы аясында әлеуметтік тұрғыда осал топтағы отбасылардан 100 балаға 1 миллион 500 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетті.

«Бұл акция – өте маңызды әлеуметтік жоба. Осындай ізгі қадамдар арқылы біз аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп, нақты көмек береміз. Жақсылық жасау – әркімге парыз. Біздің бұл қолдауымыз балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл — күймен қарсы алуына септігін тигізеді», – дейді мұқтаж жандарға қашанда қамқорлығын аямайтын ел ағасы, «Алюминстрой» ЖШС басшысы, «АМАNAT» партиясының беделді мүшесі Абай Мұқанов.

Ізгілікті іс-шараға «АМАNAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сабыржан Тасмағанбет қатысып, жылы лебізін білдірді.

 

                                         Мұрат Жүнісұлы                                                                       Арқалық қаласы