Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Шілде айының 28-30 аралығында өтетін жарысқа өңіріміздің аудан-қалаларынан 1500 спортшы қатысады деп жоспарлануда.
Аудан әкімі Арнұр Сартов осы шараға дайындық ертеден басталғанын айтады. Дәлірек айтқанда, 2020 жылы Силантьевка селосындағы стадионынға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. «Бір жылдан кейін мұнда облыстық спартакиада өтуі керек еді, бірақ бұған коронавирустық пандемия кедергі болды. Енді кейінге қалдырылған спорттық шараны өткізудің сәті биыл түсіп отыр. Оған барлығы дерлік дайын», – дейді әкім. Биыл спорт басқармасының күшімен спорт кешеніне үлкен жөндеу жұмыстары қайтадан қолға алынып, нысанның киім ауыстыратын бөлмелері кеңейтілген. Жарыс қорытындысы спорттың 18 түрі бойынша шығарылатын болады. |