Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлайды. Оқиға Лисаков қаласында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала бесінші қабаттың терезесінен абайсызда құлап түскен.
Дереу ауруханаға жатқызылды.
«Құрметті ата-аналар, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Балаларға ересектердің сүйемелдеуінсіз балконға шығуға рұқсат берілмейді», – деп ескертеді ТЖД.