Өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару қызметінің өкілдері Қостанайға бағыт алды. 56 қызметкерден құралған жедел топ авариялық-құтқару шұғыл жұмыстарын жүргізу үшін Ұлттық ұланның авиабортымен әуеге көтерілді.
ТЖД бастығы полковник Н.Б. Атығаев жеке құрамның дайындығын тексерді.
“Құтқарушылар су басқан өңірдің қауіпті учаскелерінде барлық қажетті көмекті көрсетеді. Жеке құрамға азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғап, өз борышын мінсіз орындауды тапсырамын”, – деді ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.
Авиабортта су сору құралдары, қажетті апаттық- құтқару жабдықтары, арнайы су өткізбейтін костюмдер, байланыс, жүзу құралдары бар.
Осы алматылық құтқарушылар «Ворошилов» су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан Алматы облысында орын алған қауіпті жоюға көмек көрсеткен болатын.