Алматыда белсенді әйелдер бас қосты

Алматыда белсенді әйелдер бас қосты

Алматы қаласында V Еуразиялық әйелдер Саммиті өтті. Оған Қостанай облысынан 18 әйел қатысып келді.  Оның төртеуі әйелдер күштері Альянсынан және он төрті Іскер әйелдер қауымдастығынан атсалысты.

Солардың бірі отставкадағы әділет кеңесшісі Гүлмира Кокушева 25 жылдан астам Қостанай облысының прокуратура органдарында жұмыс істеді.  Қазіргі уақытта Қостанай облысы Әйелдер күштері Альянсының “зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл” жобасының жетекшісі.

“V Еуразиялық әйелдер саммитінде  “бизнес пен экономиканы дамытудың маңызды мәселелері, сондай-ақ қоғамда мықты әйелдер желілерін құру жайы  талқыланды. Әйелдер саясат пен экономикада маңызды рөл атқарады. Жетекші сарапшылар мен бизнес-кеңесшілердің халықаралық конференциясы, тренингтері мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Көкжиегін кеңейтіп, жаңа білім алды”, – дейді Гүлмира Кокушева.

Бұл саммиттің мақсаты-әйелдердің экономикалық өмірдің барлық салаларына толыққанды қатысуы үшін мүмкіндіктерін кеңейту. Саммит шеңберінде әйелдер кәсіпкерлігі мен жұмыспен қамтуды дамытудағы трендтерді айқындау, цифрландырудың шағын және орта бизнес ортасына әсерін анықтау, табысты әйелдер стартаптары мен олардың кейстерін ұсыну, бизнес-модельдер мен процестерге инновациялық тәсілдерді айқындау, бизнесті ілгерілетуде көшбасшылық қасиеттерді дамыту, кәсіпкер әйелдердің тауарлары мен қызметтерінің танымалдылығын арттыру және бизнестің түрлі салаларындағы табысты әйел кәсіпкерлерді анықтау негіз болды.

Саммит аясында келесі Қазақстанда жасалған ” көрмесі, жетекші сарапшылар мен бизнес-консультанттардың тренингтері мен шеберлік сыныптары өтті. Қатсушылар Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына барды. “Ажар жұлдызы” республикалық байқауының жеңімпаздарын марапатталды.

Саммитке Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының, Қазақстан әйелдер күштері Альянсының өңірлік өкілдері, шақырылған және халықаралық VIP қонақтар, әріптестер, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Гүлбарам  Төлебаева Ажар жұлдызы байқауының “әйелдер саяси көшбасшылық мектебі” номинациясын жеңіп алды. Римма Бектұрғанова Альянс төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

“Альянстағы қоғамдық қызметтен басқа, зейнетақы ануитетінің жинақтаушы бағдарламасын адамның өмірі мен денсаулығын сақтандыру арқылы ілгерілетумен айналысамыз. Халыққа зейнетке шығуға көмектесеміз. Қостанайда ақпан айында Юбилейный шағын ауданының тірек пунктінде кәмелетке толмағандарға арнайы  бөлме ашылды. Дәл осындай бөлмені жақын арада Қостанай ауданы мен Рудный қаласында ашуды жоспарлап отырмыз”, – дейді Рима Шыңғысқызы.

Халықаралық конференцияда  спикерлер өз сөздерінде инновациялардың, цифрлық технологиялардың әсерін атап өтті.

Әсел ҚИБАШ

 

 

Жаңалықтармен бөлісу