Алмас Жұмағали қажылыққа барады

Алмас Жұмағали қажылыққа барады

Қазақ күресінен Қостанайдағы «Жайлаубай ата» мешітінің он жылдығына орай меценат Төлеген Жайлаубаевты еске алуға арналған турнирдің түйе балуаны Алмас Жұмағалиға Ұмра қажылыққа жолдама берілді.

«Нұр Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Амангелді қажы Ерен-ғайыпұлы атынан Ұмра қажылық жолдаманы компанияның Қостанай облыстық филиалының өкілі Айбек Таңатбаев пен Шоқан қажы Ғазизұлы табыстады.

«Боз кілемде күрескен белгілі қазақтың азаматтары. Бүгінгі жарысымыз Жайлаубай ата мешітінің ашылғанына он жыл және сол мешітті ел игілігіне, халықтың құдай жолында имандылыққа қызмет етуіне атсалысып, салып берген Төлеген Ғалымжанұлын еске алуға арналды. “Нұр Қазақстан” қажылық компаниясының президенті Амангелді Еренғайыпұлы арнайы баршаңызға сәлем айтты. Осы күресті ұйымдастырған төрешілер қауымына, осы мекеменің басшысына, облыс басшыларына алғысын білдірді. Ұмра қажылықты ұтып алған бауырымызға арнайы сәлемдеме жолдады. 13 қаңтарда кіші қажылыққа ертіп апаратын болды», – деді «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы.

60 келіде Ақжол Ашықбай үшінші орын алса, арқалықтық Әділ Асанхан күміс жүлдегер атанды. Архат Баймурзин турнирдің осы салмақтағы жеңімпазы болды.80 келі салмақта Иманжүсіп Қуанышбеков қарсыластарының барлығын ұтты. Руслан Ибраев пен Талғат Шегенов жүлделі орындарды бөлісті. 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен балуандардан Нұрсұлтан Қаблан үздік шықты. Алмас Жұмағали мен Тоқтар Жиентаев екінші, үшінші орындарды иеленді. Турнирдің салмақ болйынша жеңімпаздарына 200 мың теңге, екінші орынға 100 мың теңге, үшінші орынға 50 мың теңге ақшалай сыйлық тарту етілді.

Салмақ бойынша бақ сынаған балуандарға тігілген жүлде қоры – 1 миллион 50 мың теңге. Іс-шараның бас демеушілері – “Нұр Қазақстан” қажылық компаниясының президенті Аманкелді қажы Еренғайыпұлы мен белгілі кәсіпкер Абылайхан Тайгелдин.

Жаңалықтармен бөлісу