Футболдан Olimpbet Қазақстан чемпионатының төртінші турында Қостанайдың “Тобылы” талдықорғандық “Жетісу” командасымен сырт алаңда кездесті.
Сары-жасылдар ойынның алғашқы минуттарын сәтті бастады. Қарсыластардың айып алаңын торуылдаумен болды. Кездесудің сегізінші минутында діттеген мақсатына жетті. Бұрыштама добын көтерген команда капитаны Серікжан Мужыковтың пасына дер кезінде жеткен алтыншы номердегі қорғаушы Иован Илич шамамен он бес метрдей қашықтықта қақпаны дәл көздеді. Алма-кезек шабуылдарға ұласқан тойтарыстың нәтижесі ойынның бірінші бөлігі аяқталар тұста алаң иелерінің бұрыштама добын орындауына әкелді.
“Жетісудың” түлегі Асхат Балтабектің тепкен добы Белоруссия чемпионатынан қарсыластардың командасына жаңадан ауысып келген шабуылшы Руслан Теверовтың алдына топ ете қалды. Біздің шабуылшы Игорь Сергеевке жеткізбеген Теверовтың тепкен добы қақпа торынан табылды. Сол есеп айырмасын қос команда құрамы өзгеріссіз қалдырды. Ойынның бұлайша өрбуіне көпшілік желді ауа райының себеп болғанын айтады. Алайда, команда бапкері Милич Чурчич алаң иелерінің ұпай еншілеуі әбден лайық болғанын жасырмады.
“Ондай ауа райында алаң иелері де бізге қарсы өнер көрсетті. Терезесі тең ойын өрнегін өткізіп, ұпай еншілеуге қос команда да лайық болды. Алда көш басшыларға қарсы ойындар күтіп тұр. Соған лайықты өнер көртеуге дайын болуымыз керек”, – деді бас бапкер.