Алаяқтар медицина саласы қызметкерінің 15 млн теңгесін қолды қылды pixabay.com

Алаяқтар медицина саласы қызметкерінің 15 млн теңгесін қолды қылды

Қостанайда полицейлер дабыл қағуда. Интернет алаяқтардың кесірінен халық шығынға ұшырып жатыр. Полиция басқармасының бастығы Болат ИМАНОВ 2023 жылмен салыстырғанда интернет алаяқтық саны едәуір артқанын, оның залалы 360 млн теңгені құрағанын хабарлайды.

Өткен аптада рекордтық көрсеткіш болған. Алаяқтар біздің сенгіш азаматтарымыздын көмегімен қылмыстық жолмен тағы 53 миллион теңгеге байыған. Бұл жыл басынан бері жалпы шығынның 15% құрайды.

Соңғы кездері Қостанайда жиі кездесетін алаяқтық түрлерінің бірі – мемлекеттік орган басшысының тапсырмасы бойынша WhatsApp мессенджерінде қол астындағыларға белгілі бір әрекеттерді орындау қажеттігі туралы хабарламалар жіберу.

Мәселен, жақында Қостанай қаласы әкімінің атынан осындай хабарламалар жолданған. Алаяқтар WhatsApp желісінде аккаунт ашты. Қолда бар жалпы ақпараттан олар әкімнің барлық жеке мәліметтерін, профильдік фотосуретін енгізіп чат құрған.

«ҰҚК қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр, мен сіздің нөміріңізді бердім, олар сізге хабарласады. Олардың айтқандарын орындау қажет» деген хабарлама жіберген.
Артынша ҰҚК-нің жалған өкілдері қызметкерлермен байланысып, жинақтарыңызды қауіпсіз шотқа аударуды талап етеді», – дейді Болат Иманов.

Жуырда дәл осындай жағдай Қостанайдағы медициналық орталықтардың бірінде болып, қаскүнемдер осындай схеманы қолданған.

Мәселен, осы ұйымның қызметкері алаяқтарға сеніп, 15 миллион теңге көлемінде ақша аударған. Жәбірленушінің айтуынша, ол бұл қаражатты 20 жылдан астам уақыт бойы жинаған.

Кейде интернет-дүкендер бір қарағанда сенімді болып көрінеді, бірақ шын мәнінде сенгіш тұтынушылар үшін қармақ болып шығады.

Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ахман Макеев алаяқтарды қалай анықтауға болатыны және жиі қолданылатын алаяқтық схемалар туралы айтып берді.

Жаңалықтармен бөлісу