Аламан бәйгенің бас жүлдесі  өз иесін тапты

Аламан бәйгенің бас жүлдесі өз иесін тапты

Солтүстік Қазақстандық Бақытжан Алхатовтың “Ласка” атты тұлпары Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай асыл тұқымды жылқылары арасында өткен жарыстың аламан бәйгесінен бірінші келді. Оның соңын ала қостанайлық “Либерия” мен Ақмола облысының “Тафия” атты тұлпары мәреге жетті. Бәйге бұдан бөлек 1400, 2400, 7000 метр қашықтықта өтті.

 

Ат жарысты облыс әкімінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы мен Республикалық «Бәйге» федерациясы өткізген болатын.

 

Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ғауез Нұрмұхамбетов пен Сергей Карплюк, ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев арнайы келді. Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу