Айыпталушының мүддесін қорғайтын маманға мемлекеттік құпия ақпаратпен танысуға рұқсат етілмек

Айыпталушының мүддесін қорғайтын маманға мемлекеттік құпия ақпаратпен танысуға рұқсат етілмек

«Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңына жаңа бап енгізіледі. Мәжіліс депутаттарының бастамасымен ұсылған құжттың жаңа редакциясында айыпталушыны қорғайтын адвокаттарға құпия ақпараттармен танысуға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа 29-1-бабына сай, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге байланысты істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуге қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттар тексеру іс-шараларын жүргізбестен, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жіберіледі. Адвокаттарға өз өкілеттіктерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған мемлекеттік құпияларды жария етпеу туралы және ол жария етілген жағдайда оларды жауапқа тарту туралы ескертіледі. Бұл туралы олардан тиісті қолхат алынады», – делінген жаңа бапта.

Заңнын жаңа редакциясында жазылғандай, мұндай жағдайларда мемлекеттік құпиялардың сақталуына адвокаттарға жауапкершілік жүктеу арқылы кепілдік беріледі.

Айта кетейік, қолданыстағы ережелер қатарында мұндай норма жоқ.

Жаңалықтармен бөлісу