Айтолқын Айқадамова Көкенәкиқызы
Лауазымы: Tілші
Жұмыс телефоны: 54-28-42
1981 жылы 6 ақпанда Аманкелді ауданы Үрпек ауылында дүниеге келген.
1986 жылы «Родник» кеңшарындағы М.Әуезов орта мектебінің бірінші сыныбына барды. Кейін 4-сыныпқа келгенде ата-анасы Ағаштыкөл ауылына көшіп келді. Осы жерде екі жыл, одан кейін Үрпек ауылындағы Жаңаауыл орта мектебінде оқып, 1998 жылы бітіріп шықты. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 2003 жылы тәмәмдады. Сол жылы облыстық «Қостанай таңы» газетіне тілші болып жұмысқа орналасты.
Мәдениет, сыбайлас жемқорлық, бала тәрбиесі, жастар, отбасы тақырыптарына жиі қалам тартады. А.Байтұрсынұлы атындағы оқу орнында аға оқытушы болып жұмыс істеді. ҚР Журналистер одағының мүшесі. Меценаттар клубы «Шабыт» сыйлығының иегері. Облыс әкімінің грамотасы, түрлі алғыс хат, мадақтамалармен марапатталған. Тұрмыста. Үш баласы бар.