“Шебердің қолы ортақ” байқауының келесі үміткері – Айнұр Санай. Ол Қостанай қаласының тұрғыны. Көрпе-жастық тігудің нағыз шебері.
Айнұрдың жасы 44-те. Үш баланың анасы. Қостанайдағы №28 мектеп-гимназияның тәрбиешісі және “Айналайын” шағын орталығынд әдіске болып қызмет етеді. Сондай-ақ тігіншілік еңбегімен табыс тауып отыр.
“Көрпе, жастық, шәй көрпе, шабадан тігіп, қыз жасауымен айналысып келе жатқаныма 5 жыл болды. Көрпе тігудің өз қыр-сырлары бар. Ең алдымен, мата таңдау және түстерінің сәйкес келуіне мән беру, астарлық матасы мен мақта таңдауда мұқият болу керек. Әр бұйымды ерекше заманауи үлгіде тігуге тырысамын. Сонымен қатар мектеп оқушыларына кеудеше мен тақия тігемін, оған сұраныс өте көп”, – дейді Айнұр.