Студенттер Бірлік күніне орай флешмоб өткізді

Студенттер Бірлік күніне орай флешмоб өткізді

Іс-шараға 250 студент қатысты. Оны ұйымдастырған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің шәкірттері биыл ерекше дем бергенін айтып отыр.

Ұйымдастырушылар іс-шараға бір ай дайындалған.

– Флешмобқа студенттерді дайындауға бір ай уақыт кетті. Екі жүзден астам қатысушыны дайындау оңай емес. Барлық факультет студенттері қатысты. Біздің іс-шаралар легі мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, – дейді ҚӨУ-дің жастар саясаты басқармасының бастығы Диана Рақпанова.

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Қазақстан халқы студенттік кіші ассамблеясының төрағасы Рагиф Зейналов та флешмобтың мәні зор екенін тілге тиек етті.

– Елімізде жүзден астам ұлт өкілі тұрады. Бүгін университет жанында өткен флешмоб ерекше ұнады. Қазақ өте қонайжай халық. Тарихи дерекке үңілсек, 30-40 жылдары Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен түрлі ұлт өкілі осында жер аударылды. Сол сәтте біздің ата-бабамызға қазақ халқы көмек қолын созды. Мен Қазақстанды жақсы көремін. Келе жатқан 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын, – дейді Рагиф Зейналов.

 

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Суреттерді түсірген – Б.БАЙТЕМІР

Жаңалықтармен бөлісу