ФИФА-ның элиталық балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жөніндегі үйлестіруші жаттықтырушысы Джон Стюарт Халл “Тобыл” футбол орталығының жаттығуына қатысты.
Стюарт Халл Бирмингем Сити клубының жүйесінде жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап ағылшын Азия мен Африка елдерінде – Үндістанда, Сент-Винсент пен Гренадинде, Занзибарда, Танзанияда, Руандада, Кенияда, Бангладеште, Эфиопияда және Филиппинде еңбек етті. Әр түрлі жастар және жасөспірімдер командаларын-құрама командаларды және клуб құрылымдарын басқарды. Осы жылдан бастап ол Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы жүйесінде 15 жасқа дейінгі балалармен жұмыс істейтін болады.
Стюарт “Тобыл” ФК ФО жаттығу сабақтарына, сондай-ақ “Тобыл 2010″ойыншылары арасындағы жолдастық матчқа қатысты. Қазіргі сапардың негізгі мақсаты – ҚФФ Жаңа Ұлттық Футбол академиясының құрамына ену үшін үздік ойыншыларды іріктеу, u-15 ұлдары арасында таланттарды іріктеу.