Әулиекөлдіктер әйелдер мерекесін атап өтті 

Әулиекөлдіктер әйелдер мерекесін атап өтті 

Онда аудан әкімі Жансұлтан Таукенов ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерді ең көрікті де қуанышты мезгілі, көктем мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

“Бұл мереке жалпы адамзатқа әйел затының отбасындағы рөлін айқындап қана қоймай, олардың қоғамдағы өмірін белсенді қызметін көрсетеді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жасалып жатқан бар игілік пен жақсылықтарыңыз еліміздің баянды болашағының кемелденуіне толық негіз бар. Бүгінгі таңда ауданымыздығы қыз-келіншектер экономикамыздың барлық саласында жұмыс істеп, мәселе шешуде жауапкершілік жүгін қоса арқалап келеді. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие”, – деді аудан әкімі.

С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Алмагүл Дүртбаева облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

«ЭПК-forfait» ЖШС қызметкері Наталья Матюшинец, халыққа қызмет көрсету орталықтарының маманы Валентина Кытманова, Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясының кадр инспекторы Кенжебекова Жанар Нағашыбайқызы, Новоселов ауылының почта қызметкері Ғаухар Жолмағамбетова, Әулиекөл ауданының сату тобының қызмет көрсету жөніндегі маманы Мөлдір Әлмағамбетова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Елена Тамиева, Қ.Тұрғымбаева, полиция басқармасының аға инспекторы Эльмира Рахимова аудан әкімінің мадақтамасымен марапатталады.

Қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлін арттырудағы белсенділігі үшін Гүлмира Қожағалиеваға әйелдер күштері альянсының Қостанайдағы филиалының алғыс хаты табыс етілді. Кештің сәнін келтірген құрметті нәзік жандыларға гүл шоқтары ұсынылды.

Марапаттау рәсімі аудандық көркемөнерпаздар ұйымдарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Әулиекөл ауданы

Жаңалықтармен бөлісу