Әулиекөлдік  прокурорлар  жастармен кездесті

Әулиекөлдік  прокурорлар  жастармен кездесті

Іс-шараға ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері, ауданның жоғары сынып оқушылары мен еріктілері, сондай-ақ педагогтер мен ата-аналар да қатысты деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Құқық қорғау органдары есірткі құралдарының қауіптілігі мен олардың таралуы үшін қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартатыны, есірткіге қарсы мінез-құлық пен салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы айтылды.
Жол қауіпсіздігі мен балалар жарақатының мәселелері де талқыланды.

Іс-шарада облыстық  ПД  қызметкерлері  блогер Глеб Коломейцпен бірлесіп түсірген «Біздің заманымыздың зұлымдығы» деректі фильмінің көрсетілді.
Әңгіме есірткі қылмысы үшін сотталған, жасаған ісіне өкінетін және олардың қателіктерін қайталамауға шақыратын жастардың сұхбаттарына негізделген.

“Мұндай іс-шаралар нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес облыстың барлық қалаларында, аудандарында өткізілетін болады” делінген хаттамада.

Жаңалықтармен бөлісу