Әулиекөл ауданында жаңа стоматологиялық кабинет ашылды

Әулиекөл ауданында жаңа стоматологиялық кабинет ашылды

Аудан тұрғыны Лейла Гадаева өзінің кәсіби білімі мен кәсіпкерлік бастамасының арқасында аудандық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өз ісін ашуға мүмкіндік алды. Аудандық Кәсіпкерлер палатасы жаңа бизнес бастап, дамыту үшін қажетті барлық көмекті көрсетті, қайтарымсыз негізде грант та бөлді.

Лейла Гадаеваның стоматологиялық қызметтер көрсету саласындағы бизнес-жобасы сәтті жүзеге асырылып, бүгінде ауыл тұрғындары кең спектрлі стоматологиялық қызметтермен медициналық көмек алып жүр.

Лейла Гадаева мемлекеттік қолдаудың кәсіпкерлікті дамытуда, әсіресе ауылды жерлерде, маңыздылығын ерекше бағалайтындардың қатарында.

“Жаңа стоматологиялық кабинет ауылдағы тұрғындардың денсаулығын жақсартуға,  жергілікті тұрғындарға сапалы қызмет көрсету арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға жол сілтейді. Ауыл тұрғындарының денсаулығына көрсетілетін медициналық қызметтің деңгейін арттырып, олардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.  Мұндай қолдау ауылдық кәсіпкерлерге жаңа бастамаларды іске асыруға татырмас мүмкіндік.  Бұл қадам жергілікті экономикаға тың серпін береді”, – дейді тәжірибелі стоматолог.

2025 жылдың 1 қаңтарына ауданда 1480 шағын бизнес субъектісі тіркелген, бұл кәсіпкерліктің аймақта жақсы дамып келе жатқанын және жаңа кәсіпорындардың ашылуына деген сұраныстың артқанын көрсетеді.

    Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Әулиекөл ауданы

 

Жаңалықтармен бөлісу