Аманқарағай кентінде жеке тұрғын үйдің аумағын өрт шалып, гаражының шатыры мен жанындағы жазғы ас үй отқа оранды деп хабарлайды ТЖМ.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында гараждан жеңіл автокөлік шығарылып, өрттің таралуына жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.