Әскерилер балаларға қуаныш сыйлады

Әскерилер балаларға қуаныш сыйлады

Қостанай облысының күш құрылымдары “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне” орай “Жанұя” балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Арнайы ұйымдастырылған әскери бөлімнің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, құқық қорғау органдарының бірінші өкілдері атынан айтылған тілектер балалардың болашақ өмірлеріне ешқандай шектеу қоймай, адал, еңбекқор, Отаншыл азаматтар болып өсулеріне жасалған қолдау одан әрі қарай да жалғасын табады деп сенім білдірді.

Соңынан балалар үйіне экскурсия жасалып, балаларға қажетті тұрмыстық заттардан сый-сыяпат жасалды.

Асыл Қасым

Жаңалықтармен бөлісу