Қостанайдағы 66 97 әскери бөлімнің жеке құрамы да мемлекеттің болашағына қатысты саяси оқиғадан тыс қалмады. Олар нөмірі 27-ші референдум учаскесінде дауыс берді.
Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум әскери бөлімде таңғы 06.00-ден басталған болатын.
“Әскерилер бір кісідей қатысып, белсенді үн қосты. Бюллетеньдегі «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауалға әркім «Иә, келісімен», «Жоқ, келіспеймін» деген жауап нұсқаларын таңдайды. Мерзімді әскери қызметшілер борышын өтеп жүріп, осы науқанды үлкен жауапкершілікпен атқарып жатыр”, – дейді референдум комиссиясының төрағасы, бөлім командирінің орынбасары подполковник Ескендір Сараубеков.
Сарбаздар бұл науқанға қатысу патриотизмнің бір көрінісі деп санайды.
6697 әскери бөлімі