Әрдайым анам қасымда

Әрдайым анам қасымда

Ана дегеніміз әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан.
Ана деген өз баласы үшін бәріне баруға дайын, өз баласы үшін жанында беруге қарсы емес.
Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестенің барын да, нарын да аямайтын анамыз – адам өміріндегі орны ерекше. Ана – үйдің берекесі, анасыз үй – үй де емес. Ана сияқты бақытыңды ойлап, мінезіңді көтеріп, құлағанда жараңды емдеп, түні бойы баласы үшін ұйықтамайтын жан тек АНА ғана! Ана, баласы қандай қателік жасаса да кешіреді, оның мейірімділігіне шек жоқ! Баласы қуанса, анасы бірге қуанады, баласы жыласа, бірге жылайды, өйткені ана дегеніміз біздің қолдаушымыз, жанымыз да тәніміз. Кішкентайдан бері аялап өсірген, осы күнге бізді еңбекпен жеткізген – аяулы анамыз!
Анамның қолымды мықтап ұстап, алғаш мектепке апарғаны есімде. Ол менің мектептегі өмірім қалай болатынына қатты алаңдады. Өмірімдегі алғашқы әріптер мен сөздерді жазуға анам үйретті. Бірінші мәселе дұрыс шешілгенде, бірінші кітап оқылғанда, өмірімде алғашқы жазу жазылғанда қасымда болды. Досыммен ұрысып қалсам немесе дұрыс таңдау жасау қиынға соққанда анам кеңес береді. Ол әрқашан түсінеді, жұбатады және көндіреді. Ол сізді құшақтайды, кеудесіне қысады, сізбен бірге қайғырады және алға қойған мақсатыңызға жетуге ықпал береді. Ана – сізге алғашқы қадам басқаннан-ақ сенімділік білдіріп, ақ жолға жетелейді. Бар білгенін үйретеді, ақылын айтып, кеңес беруден жалықпайды.
Барлық аналар әртүрлі – жас, әдемі, ажарлы, қайырымды, пысық, ақкөңіл, көңілді де ашулы, мейірімді немесе қатал. Бірақ, қартайғанша олар біз үшін бұрынғы ана болып қала береді. Өйткені, ересек адам бала сияқты анасының кеңесіне мұқтаж. Тек ана, қандай жағдай болмасын, кез келген игі істерде қолдау көрсетеді, кейде тіпті қиын кезде де көмектеседі. Кез келген қателік пен сәтсіздік, дөрекі сөз бен түсінбеушілік үшін ана сізді кешіреді. Ол тек үнсіз күрсініп, мұңды көзінің жасын ұрлап сүртіп, уайымдап, сені кешіреді. Өкінішке орай, көптеген аналар бағаланбайды. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, аналарымызды бағалап, қолдан келгенше аялайық! Бізді кішкентайымызда қалай мәпелеп өсірді, дәл солай бізде оларды мәпелейікші!
Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ тілегі.
Келе жатқан Халықаралық әйелдер күні, аналар күнімен анашым Әсел! Сізді шын жүректен көктемнің шуақты күнімен құттықтаймын, денсаулығыңыз мықты болып, отбасымыздың гүлі, сәні болып жүре беріңіз, біз сізді қатты жақсы көреміз. Сізді ренжітпеуге тырысамын. Тек аман болыңыз!
Әлемнің ең асыл жандары!Асыл әжелер, сүйікті аналар, құрметті мұғалім апайлар! Әрқашан бақытты да ғұмырлы болып, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер! – деген тілегіммен ойымды аяқтаймын.
Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, анашым!
Аналарымыз мың жасасын!

Аяжан Сәрсенбекқызы Қуаныш, Рудный қаласының №17 жалпы білім беретін мектебінің 8 “Б” сынып оқушысы, 14 жаста

Жаңалықтармен бөлісу